Басты ақпаратДенсаулықҚала мен СалаҚала тіршілігі

«Үйдегі дәрігерге» дән риза

Қала үшін сапалы медициналық қызмет көрсету қашан да басымдықтың бірі болып қала береді. Әсіресе Нұр-Сұлтан сынды тұрғындарының саны жыл санап өскен шаһарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын қадамдық қолжетімділік принципімен ұйымдастыру оңай емес. Бұл орайда елордада 2018 жылдан бастап «Үйдегі дәрігер» бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелерінің желісін дамыту жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Жоба елорда тұрғындарына қадамдық қолжетімділік принципіне сай білікті медициналық көмек алуға және қолданыстағы емханалардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.

[smartslider3 slider=804]

Соңғы 2 жылда қалада 30 «Үйдегі дәрігер» нысаны ашылды. Оның 25-і жеке инвестицияларды тарту арқылы іске қосылды. 6 нысан қаланың шетінде орналасқан.

«Үйдегі дәрігер» нысандары, негізінен, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан. Мұнда пациенттерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Және нысанға жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын тіркеу мүмкіндігі қарастырылған.

Мәселен, Бөкейхан көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан «Аманат» отбасылық денсаулық орталығына бүгінде 14 мыңға жуық қала тұрғыны тіркелген. Өткен жылы орталық өз жұмысын енді бастаған кезде, тіркелгендердің саны шамамен 9 мың пациентті құраған. Медициналық мекеме № 9 қалалық емхана базасында жұмыс істейді.

– «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында Ұлы Дала көшесіндегі үйлердің тұрғындары бізден медициналық көмек ала алады. Орталықта инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды қабылдауға арналған сүзгі-кабинет, скринингтік және ЭКГ, УДЗ кабинеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен акушер-гинекологтардың қызметі ұсынылады.  Тегін медициналық көмек аясында жеңілдетілген дәрі-дәрмек алуға арналған дәріхана да бар. Орталықтағы егу кабинетінде балалар мен ересектерге екпе егіледі. Сонымен қатар зертханалық зерттеулер үшін ем-шара кабинеті, қан алу кабинеті, күндізгі стационар, УДЗ-кабинеті және баланың даму және өсу динамикасын бақылау үшін дені сау бала кабинеті де жұмыс істейді, – деді «Аманат» отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Айсұлу Чукаева.

Орталық меңгерушісінің айтуынша, медициналық мекемеде COVID-19-ға шалдыққандар мен денсаулық жағдайы бойынша медициналық мекемеге өз бетінше жете алмайтын науқастарға мобильді бригадалар да ұйымдастырылған.

–  Біздің орталыққа қазір 9 учаске қарайды. Әр дәрігерге 1700 тұрғын тіркелген. Олар 4 сағат бойы қабылдау жүргізеді, тағы 3 сағат тікелей сайтта жұмыс істейді. Мамандарға кеңес алу үшін жолдамамен пациенттерді №9 емханаға жібереміз. Таңғы сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейміз. Медициналық көмекті өзіне ыңғайлы орыннан алатын біздің пациенттер орталық жұмысына дән риза, – дейді орталық меңгерушісі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button