Басты ақпарат

Ұлы дала еліне саяхат

Кеше Астананың 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ұйтқы болуымен еліміздің табиғаты көркем жерлерін аралайтын «Ұлы Дала Еліне саяхат: Алтайдан Жібек жолына дейін» атты экспедиция жолға шықты.

Бұл экспедиция 29 қыркү­йекке дейін жалғасады. Оған 140-қа жуық адам қатыспақ. Олардың арасынан Парламент депутаттары, журналистер, блогерлерді кездестіресіз. Туристік бағыттар «Тянь-Шань маржаны» – Алматы облысы; «Алтай – өркениет бесігі» – Шығыс Қазақстан облысы; «Жоңғар Алатауы» – Алматы облысы, «Сарыарқа» – Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қос­танай облыстары; «Теңізден теңізге дейін» – Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыс­тары; «Жаңа Жібек жолы» – Түркістан, Жамбыл, Алматы облыс­тары аумақтарын қамтиды.
«Біз ел тұрғындарының туған жерін тануға деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқаймыз. Біздің жеріміздің табиғаты өте көркем. Үш ай ішінде кәсіби мамандардан құрылған топ еліміздің ең қызықты жерлерін аралап, олар туралы отандастарымыз бен шетелдік туристерге кең түрде баяндайтын болады. Сондай-ақ, экспедиция сол жерлердегі туризмді әрі қарай дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдық шешімдерді табуға мүмкіндік береді» дейді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.
Сонымен қатар, игілікті шара нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары туралы жаңа туристік бағыттар, сапалы фото және видеобанктер құрылып, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button