Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Қарағанды облысы

«Спасск» полигонында жастардың «Айбын» әскери-патриоттық шарасы басталды. Шараның ашылуына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Астананың 20 жылдығына арналған жиын 21 шілдеге дейін жалғасады.

Ақтөбе облысы

Аймақты газдандыру бойынша 19 жоба жүзеге асады. Газ құбырының жалпы ауданы 6270 шақырымды құрамақ. Бүгіндері облыстағы 374 елді мекеннің 115-і газдандырылған. Қазіргі кезде 14 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Маңғыстау облысы

«Сарбаз» атты шекарашылар кемесі Ақтаудан Ресейдің Махачкала портына жүзіп кетті. Бұл аталмыш кеме экипажының өзге мемлекетке достық рәуіште жасап жатқан алғашқы сапар. Шекарашылар көрші елдегі әріптестерімен бірлесіп атқарылатын шараларды талқылап, келер жылдың жоспарларымен келіспек.

Жамбыл облысы

Өңірде қылмыстық істерді электронды форматқа көшірді. Жыл басынан цифрлық нұсқада 103 қылмыстық іс қаралды. Ол үшін арнайы жабдықталған 14 сот залы жұмыс істеп жатыр.

Қызылорда облысы

Келесі жылы Арал өңіріндегі Қамыстыбас көлінің маңайында коттедждер қалашығы бой көтеріп, жаңа катерлер, гидроциклдер мен катамарандар сумен жүреді. Бұл жағдай «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автобаны аумағында орналасқан аймақтың туризм кластерін дамытуға жол ашады.

Шығыс Қазақстан облысы

Бүйректі ауыстыру бойынша аймақтағы алғашқы ота Өскемен қаласында жасалды. 50 жастағы Анар Әубәкірова бұл отаны 3 жыл күткен. Облыста жалпы ағзаны ауыстыруды қажет ететін 160 адам бар екен. Келесі ота күзде жасалмақ.

Ақмола облысы

Өңірде ет өндіруді 3 мың тоннаға ұлғайту жоспарланып отыр. Жыл сайын ақмолалықтар 60 мың тоннадан астам ет өндіреді. Соның 180 тоннасы экспортқа жатады. Аймақта төрт ірі ет өңдеу комбинаты жұмыс істеп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button