Жаңалықтар

Қоғамдық көлікте жүру ережесі өзгереді

21 шілдеден бастап елордадағы қоғамдық көліктерде жолаушыларды отырғызу мен түсіру тәртібі өзгереді.

Жаңа ережеге сәйкес, жолаушылар автобусқа тек жүргізуші жақтағы алдыңғы есіктен кіруі тиіс. Ал шығарда ортаңғы немесе соңғы есіктер пайда­ланылады. Ортаңғы есіктен кіріп-шығу құқығы мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге, мектеп жасына дейінгі баланы ерткен жолаушыларға ғана беріледі.
Бұл өзгерістер жолаушыларды болашақта кондукторсыз қатынайтын автобустармен жүруге бейімдемек. Бүгінгі күннің өзінде қала бойынша екі бағытта қоғамдық көлік жүргізу­шісі жолаушыларды кондукторсыз тасымалдап жүр екен. Алдағы уа­қыт­­та бұл тәжірибе бірте-бірте бас­қа да автобустарға енгізілмек. Ал автобус­тарда көлік картасымен төлем жасайтындар қатары көбейген сайын кондукторлардың да жұмыс­тан қыс­қара бастайтынын айтады мамандар.
– 21 шілдеде сараланған тариф енгізілетіндіктен, кондукторлардың қызметі біртіндеп жойыла бастайды. Алайда барлық кондуктор бірден жұмыстан шығарылмайды. Себебі көлік картасын барлығы алып үлгермеген, қолма-қол ақшамен есептесетін жолаушылар әлі де аз емес, – дейді «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева.
Оның айтуынша, 1 шілдеден осы уақытқа дейін 42 мыңнан аса карта сатылыпты. Ал бұған дейін 40 мың карта үш айда сатылса, қазір аптасына 20 мың карта сатылып жатқан көрінеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button