Қала тіршілігі

Тұрақ ақысын stnim қосымшасымен төлеуге болады

Енді ақылы автотұрақ құнын Senim мобильді қосымшасы көмегімен төлеуге болады. «Астана қаласы көлік кеңістігін басқару» ЖШС осы айдан бастап қала тұрғындары мен қонақтарына автотұрақ ақысын төлеудің ыңғайлы жолын ұсынуда.

Ол үшін смартфоныңызға Senim мобильді қосымшасын жүктеп, тіркеліп, көлігіңіз туралы барлық ақпаратты енгізген соң балансты толтыру қажет. Осылайша, автотұрақ ақысын бір тетікпен төлейсіз.
Естеріңізге салсақ, 15 қаң­тардан бастап «Нұржол» желекжолында ақылы көлік тұрақтары жобасы іске қосылған болатын. 472 көлікке орын әзірленіп, жол белгілері сызылды. Сол сияқты ақпарат алу тақталары орнатылып, 12 паркомат қойылды.
Тұрақ құны – таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін сағатына 100 теңге. Төлем көлікті тұраққа қойған сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде жүргізілуі тиіс. Ал демалыс және мереке күндері тұрақты пайдалану – тегін. Тұрақты пайдалану тәртібі мен төлем тәсілдері және паркоматтар орналасқан орындар туралы www.2888.kz. сайтынан да толығырақ ақпарат ала аласыз. Сондай-ақ 8-800-080-28-88 тегін нөміріне немесе қалалық 109 бірыңғай байланыс орталығына да хабарласуыңызға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button