Жаңалықтар

Ұлыларды ұлықтады

А.С.Пушкиннің туған күні қарсаңында «Назарбаев орталығы» ММ кітапханасының оқу залында «Екі елдің мұрасымен тұтасқан, біз жақынбыз бауырлас ақындармен» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылды.

Шараға Астанадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының өкілі С.Петрова, гуманитарлық колледж сту­дент­тері және елорданың орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Алдымен филология ғылымдарының докторы Күлпаш Бейбітова Абай мен Пушкин шығармашылығындағы диа­лог­тың мәнін баяндап, қазіргі жас­ ұр­пақ­тың Абай армандаған деңгейде өсіп келе жатқандығын тілге тиек етті. Ал, №53 орта мектеп мұғалімі Г.Рахымғазина оқушыларды ұлы ақындардың шығар­ма­шы­лығы арқылы қазақ еліндегі патрио­тизм мен толеранттылыққа тәрбие­леу­дегі №59 мектеп-лицейдің мұғалімі М.Тикенова өткізген «А.С.Пушкин және Абай – әлемдік мәдениеттің ақыны» тақырыбында өткізілген дәрісті ортаға салды. Өз кезе­гін­де оқушылар да екі данышпан мұра­сы­ның өздері үшін аса құнды екенін атап өтіп, орыс және қазақ тіліндегі шығар­ма­ла­рын оқыды.

 Ербол ЖАНАТ, Еркеғали бейсенов

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button