Білім

Үздік ұстаздар топ жарды

«Қазақстан» орталық концерт залында «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Айтулы шараның ашылуында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, педагогтардың мәртебесі туралы заңның әзірленіп, қазір ол құжаттың Парламентте қаралып жатқандығын жеткізді.
«Аталған заңды жүзеге асыру үшін бюджеттен қомақты қаржы қарастырылды. Оны білім саласына деген үлкен қолдау деп түсінеміз. Проблемалар жоқ деп айта алмаймыз. Біз оның барлығын білеміз. Оны ұстаздармен, ата-аналармен, жалпы, қоғаммен бірігіп шешеміз деп ойлаймын. Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Маған бәрінен де ұстаз, мұғалім жақын. Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқан. Сондықтан мұғалімдерге қанша жақсылық жасасақ та артық болмайды. Олардың жұмысы өте маңызды. Ел болашағын жарқын ету жолында алдыңғы лекте тұрған мамандықтың бірі деп айтамын» деді министр.
Бұл байқау үш кезеңге бөлінген. Алдымен қатысушылар аудандық, облыстық деңгейдегі сайыстарда бақ сынаған. Содан озып шыққан 178 педагог республикалық кезеңге жолдама алды. Соның арасынан 64 ұстаздың бағы жанып, үздік шықты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button