Sport

ҮЗДІКТЕР ҰПАЙ БӨЛІСТІ

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында он жетінші турдың ойындары өтті.

Бұл турдың орталық матчында «Астана» мен «Ертіс» кездесті. Турнир кестесінде сәйкесінше бірінші және екінші орында келе жатқан қос команданың ойыны көпшілік күткендей өте тартысты жағдайда өрбіді. Қорғанысқа аса мән беріп ойнағандықтан, бірінші таймда есеп ашылмады. Дегенмен, астаналықтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастыра алды. Алайда, қонақтар қақпашысы шеберлігімен көзге түсті.
Ойынның екінші кезеңін алаң иелері жойқын шабуылмен бастады. Дүркін-дүркін ұмтылыстар нәтижесін бермей қоймады. Ойынның 51-інші минутында Таңат Нөсербаев есеп ашты. «Астана» капитаны әріптесі Дмитрий Шомконың алыстан берген пасын әдемі қабылдап, ала допты Давид Лория қорғаған қақпаға тулатып түсірді. Алайда, көп ұзамай «Ертіс» футболшылары да өте сәтті шабуыл ұйымдастыра білді. Қонақтардың қорғаушысы Керла есепті теңестіріп кетті.
Осылайша, көш басындағы мықтылар тең түсіп, ұпай бөлісті.
Турдың басқа ойындарында мынадай нәтижелер тіркелді: «Ақтөбе» – «Қайрат» 2:6, «Шахтер» – «Ақжайық» 3:1, «Атырау» – «Тараз» 1:0, «Ордабасы» – «Оқжетпес» 2:2, «Жетісу» – «Тобыл» 0.1.
«Астана» келесі ойынды 23 маусымда Алматыда «Қайрат» командасымен өткізеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button