Әлеумет

Зағип жандарға – аудиокітап

«Болашақ» қауымдастығының қоры Астана қаласының зағип және көру қабілеті нашар азаматтарына арналған мамандандырылған кітапхана базасында «Цифрлы кітап және оның кітапханадағы болашағы» атты дыбыс жазу студиясын ашты.

«Болашақ» қауымдас­тығы қорының директоры Динара Шайжүнісова студияға арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Қор басшысы «Дыбыс жазу студиясының ашылуы 6 мыңнан астам кітапты цифрлауға мүмкіндік береді. Соның арқасында 3 мыңдай оқыр­ман аудиокітаптарды оқи алады» деп орталықтың әлеуметтік маңызына тоқ­талды.
Цифрланған кітаптар бүкіл ел аумағында орналасқан зағип және көру қабілеті нашар адамдарға арналған кітапханаларға жіберіледі. Аудиокітаптарды жазуға кәсіби дикторлар қатысады. Жобаны 2021 жылға дейін жасап бітіру жоспарлануда.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button