Жаңалықтар

Зейнеткер көтерген мәселенің түйіні шешілді

IMG_4779

Астана қаласының әкімі И.Тасма­ғам­бе­товтың 2014 жылғы 19 ақпанда халықпен есептік кездесуі барысында «Интернациональный» тұрғын алабының тұрғыны, зейнеткер Қожантай Байкенов әкімге сауал жолдап, күрмеулі жайдың түйінін шешуді сұраған болатын.

Мәселе мынада, тұрғынжайдан 50 метрден кем қашық­тықта қазан­дық орна­лас­қан, яғни, үй қазан­­дық­тың сани­­­тар­­­лық-қорғау айма­ғында тұр. Қазіргі уақыт­та күл үйіндісіне қоршау орнату жұмыс­тары жүргізіліп, қазандықтағы ағым­дағы жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныс­тар қарастырылды: су қыздыру қазан­дық­тарын ауыстырылып, сұйық отын қолдану, сонымен қатар, барлық қазандықтарға келесі жылыту маусымына дейін шаңнан, газдан тазалау қондырғыларын (циклондар) орнату көзделген.

Кездесу барысында тұрғындар қала басшысына жалпы және жеке тұрғыдағы түрлі сұрақтар қойды. Тұрғындар қозғаған әр мәселе егжей-тегжейлі зерттелгеннен кейін тиісті шаралар қабылданады.

Бұдан басқа, «Интернациональ­ный» тұрғын алабындағы «Ескен­дiр» кешенінде аула клубы ашылды.  Жалпы ауданы – 400 шаршы метр. Мекемеде күрес, теннис, би, жаттығу залдары, электронды кітапхана және ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған үстел ойындары (шахмат, дойбы) үшін жабдықталған демалыс бөлмесі бар.

 

Сағи ОРАЛ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button