Жаңалықтар

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 15 ­ма­мыр­да ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Министрлік ұйымдас­тыратын жиналыста еліміздегі мектеп және балабақшалар, ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасындағы ортақ мәселелер талқыланады. Сонымен қатар жалпыұлттық жи­налыс аясында ата-аналар мек­тепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдермен кездесіп, өздерін қызықтыратын сауалдарға жауап ала алады. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ата-аналар балалары оқитын мектепке барып үлгеруі үшін жұмыс берушілерден осы күні қызметкерлерді жұмыс­тан ерте босатуды сұрады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button