ЖаңалықтарРуханият

Жастар тіл мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтанда «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты пікір алмасу кездесуі өтті. Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп жастармен пікір алмасып, тілге қатысты сұрақтарға жауап берді.

[smartslider3 slider=528]

Жастар ресурстық орталықтарының негізгі бағыттары шеңберінде бейресми білім беру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына ықпал ету және жастардың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруы және өзін-өзі растауы үшін жағдай жасау болып табылады.
«Бүгінгі кездесудің негізі – жастарға тіл саясатын түсіндіру, мемлекеттік тілді насихаттау және жастардың тіл саясатын жүргізуде әлеуетін көтерудегі идеяларымен танысу. Сонымен қатар мақсат-мүдделер болған жағдайда бірге жұмыс жасау. Қазіргі таңда бізде көп креативті идеялар бар. Мәселен, тик-ток пен инстаграмда жастардың арасында танымал платформаларда қандай жұмыстарды жасай аламыз, жастар бізге нендей көмек бере алады және олардың идеяларын қалай қолдай аламыз деген. Біз жастарды ұмытпауымыз қажет. Себебі олар – елдің болашағы, мемлекеттің тұтқасын ұстайтын азаматтар» деді С.Есіркеп.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button