ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Тұрғын үй орталығын таныстырды

Елордадағы Тұрғын үй орталығына тәжірибе алмасу үшін ресейлік делегация келді. Кездесуде әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, апаттық жағдайда тұрған үйлерді сүру, мүлік иелерінің бірлестіктерін құру, көппәтерлі тұрғын үйлер мен лифт жабдықтарын жаңарту және жөндеу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

[smartslider3 slider=623]

Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов құрылыстың жоғары қарқынына қарамастан, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрақты бақылауындағы маңызды мәселелердің бірі болып қалатынын айтты.
«Елорда халқының өсуін ескере отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар саны да өсуде. Егер 2018 жылы 110 әлеуметтік пәтер берілсе, 2019 жылы 2900 пәтер берілсе, өткен жылы Қолжетімді тұрғын үй саны бірнеше есеге артты. 7000-нан астам пәтер берілді» деді ол.
Әкім орынбасарының айтуынша, биылғы жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 10000 пәтерлік 3,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов делегаттарға Тұрғын үй орталығының жұмысымен таныстырды. Елордадағы Реновация бағдарламасы бас жоспар мен қаланың ықшам құрылысы бойынша кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
«Жобаның бірінші кезеңі 2013-2017 жылдар аралығында өтті. Сол кезде 3519 пәтерлік 228 апатты үй бұзылды. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңге есептелген екінші кезеңді іске асыру шеңберінде апатты жағдайдағы 54 үй – 874 пәтердің тұрғындарын көшіру жоспарланған. 2018-2020 жылдары 492 пәтерге 30 үйдің тұрғындары көшірілді. 2021-2022 жылдарға 382 пәтерлік 24 үй жоспарланған. Оның ішінде биыл 257 пәтерлі 8 апатты үй аяқталады. Қалған апатты үйлер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде» деді Ә.Саипов.
Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй орталығында қолжетімді баспана туралы толық мәлімет пен мамандардың кеңесін алуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button