#Жаңа Қазақстан

Мемлекеттік жүйені жаңартады

Жаһан жұрты дамудың жаңа жолын іздеп, тың тәжірибелерге бет бұруда. Осындай алмағайып кезеңде елдіктің еңсесін тіктеп Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағына бұйырып, Мемлекет басшысы перзенттік парызын, азаматтық міндетін мейлінше адал орындап жүргенін көріп, біліп жүрмыз.

Халыққа жолдаған әр Жолдауында қоғамдағы қадау-қадау мәселелерді шешудің жолын көрсетіп, саяси реформалардың негізгі бағытын байыптайтын. Қыркүйек айындағы Жолдауының жүгі тіпті ауыр болды. Өйткені бастаған саяси реформаларын соңына жеткізуде президенттік сайлау өткізіп, одан кейін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын саяси додаға түсіріп, сосын үкіметті жаңадан жасақтайтынын мәлімдеді.

Жақында Президент елге арнайы үндеу жасап, кезектен тыс сайлау 20 қарашада өтетіні туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл сайлау еліміздің бүкіл саяси жүйесін қайта жаңғыртуға дем беріп, мемлекеттік институттардың жұмыс істеуіне қарқын береді деп ойлаймын.

Мемлекеттік саяси жүйе екпіні еселене түсіп, бойына қан жүгірері сөзсіз. Жүргізілген Конституциялық реформа арқылы біз тұғыры биік саяси модельдің ел игілігі жолындағы мақсаттарымызды айқындап алдық.

Сайлау – саяси бағытымызды нығайтуға және мемлекеттік жүйені толығымен жаңартып, қайта іске қосуына жол ашады деп есептеймін.

Асхат НАЛШЫБЕК,

 «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі  Астана қалалық филиалының төрағасы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button