Мәслихат

Астана – өнеркәсіп аймағы

Бас қаланың арнайы экономикалық аймағында құрылыс кластерінің 200-ге жуық жобасы, жұмыс істеп тұрған 50 өндіріс кәсіпорнының кластері табысты жұмыс істеуде. Тағы 45 жоба дайындық сатысында тұр. Соңғы 6 жылда №1 индустриялық паркте орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарынан түсетін салық түсімдері 5 есеге ұлғайып, 170 миллиард теңгеден асты.

Астана қаласы мәслихатының депутаттары арнайы экономикалық аймақтың бірқатар кәсіпорнын аралады. Бұл аймақта өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі үлесі шоғырланған. Мұнда 6 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Экономикалық аймақтың аумағында 75,5 миллиард теңге сомасына бағаланатын 45 жоба іске асыру сатысында тұр. Олардың жұмысының басталуымен 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасады. «Астана – жаңа қала» және «Астана-Технополис» екі арнайы экономикалық аймағының жалпы ауданы 16 мың гектардан асады.

– АЭА-ны одан әрі дамыту перспективалары мәселесін, олардың экономикалық әсерін осы жұмада бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында жеке тыңдаймыз. Сондай-ақ №2 индустриялық парктің дамуы мәселесін жеке талқылаймыз, – деді астаналық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындар елорда қазынасына қомақты түсім түсіруші болып отыр.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button