Басты ақпаратМәселе

Мектептегі буллинг ­қашан тоқтайды?

Оқу жылы аяқталуға таяу. Жетістіктеріміз де көп, болашақта түзеуге тиіс кемшіліктеріміз де жоқ емес. Мектеп – тек білім алатын жер ғана емес, баланың өзіне алғашқы достарын, үйден бөлек, тағы жақын ортасын табатын, сондай-ақ, алғаш қоғаммен байланыс орнату орны. Басқалармен қарым-қатынас жасау, өзінің шекарасын орнату және жеке тұлға ретінде қалыптасуына қадам жасау осы жерден басталады.

Осы ретте мектепте балалар арасында болып тұратын буллинг мәселесі әлі де ауқымды, өзектілігін жояр емес. Әр сыныпта мінезі шатақ, қиын оқушылар болады. Психологтардың айтуына қарағанда, мұндай балалардың көбі отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты көрген, психологиялық жағынан соққы алған жеткіншектер екен. Үйінде зәбір көрген бала өз ашуын басқалардан күш көрсету арқылы алады. Мұндай балаға тез арада психологтың көмегі қажет. Әйтпесе баланың көңіл күйіндегі құбылыстың салдары, зияны басқа балаға тиюі әбден ықтимал.

Қазақстан суицид жасаудан, соның ішінде 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің ­өзөзіне қол жұмсаудан, соңғы 5 жылда әлем елдері ­бойынша алдыңғы орындарда тұр. Бұл қоғамдағы әлеуметік-тұрмыстық мәселелер мен балаларды қорғаудың сәтті механизмінің бол­мауынан деп болжайды мамандар

Статистика бойынша еліміздегі әрбір екінші оқушы мектепте не үйде қысым көреді екен. Өкініштісі, буллингтің зардабы үлкен. Ол тек психологиялық қысым жасап қана қоймай, суицидке де апаруы мүмкін.

Қазақстан суицид жасаудан, соның ішінде 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсаудан, соңғы 5 жылда әлем елдері бойынша алдыңғы орындарда тұр. Бұл қоғамдағы әлеуметік-тұрмыс­тық мәселелер мен балаларды қорғаудың сәтті механизмінің болмауынан деп болжайды мамандар.

Не істеу керек?

Психологтар мынадай кеңес береді:

баладан күніне бір рет мектептегі жағдайы қалай екенін біліп отыру;

мектепте қысым көретін балалардың әдетте ұйқысы мазасыз, қорқынышты түстерді жиі көреді;

тыныштықта көп болу;

көңіл күйі көбіне түсіңкі, тез ашуланады, мазасыз, үйде шектен тыс агрессивті;

көп жағдайда энурез болады;

өзгелерден оқшаулану;

өзі жайында айтпаса да, басқа қысым көрген бала туралы айтса, міндетті түрде реакция білдіріңіз.

Осы жайттарды байқаған болсаңыз, баламен ашық ­диалог құрып, көп сөйлесу қажет. Бала біреу ренжіткен болса, сізге немесе мұғаліміне айтуы керек екенін анық білуі тиіс. Балаға психологиялық және эмоционалдық қолдау жасап, оның жағында екеніңізді білдіріңіз.

Бұл жөнінде мектеп психологтары да белсенді жұмыс жүргізуі керек. Балалар арасындағы кикілжіңді шешуге көмектесіп, оқушының абыройын түсірмей, дұрыс қарым-қатынас орната алғаны жөн. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның даму жолындағы қиындықтардың себебін, оны жеңу жолдарын қарастырып, жеке құқығын үйреткені дұрыс.

Оқушы–ата-ана–мұғалім: осы үшеуі бірлескенде ғана тәрбиедегі ең өзекті мәселелердің өзі де оңай шешіледі.

Гауhар АМАНГЕЛДІ,

Л.Гумилев ­атындағы Еуразия ұлттық ­университетінің

2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button