Басты ақпаратЕлорда тынысы

Әлеуметтік нысандар ашылады

Көпқабатты тұрғын үй кешендері салынуы тиіс 20-ға жуық учаскеде әлеуметтік нысандар ашылады. Олар – мектептер, емханалар, қоғамдық орындар (гүлзарлар, желекжолдар, аулалар), балабақшалар. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Р.Бағланова көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында жекеменшік құрылыс салушы тұрғын үй кешенін салуды жоспарлаған. Осы мәселеге байланысты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары бізге жүгініп, аталған орынға саябақ салуды өтінді. Нәтижесінде тұрғын үй құрылысынан бас тартылды, ал «Svoy dom» жеке инвесторымен бірлесе отырып, бұл орынға қоғамдық кеңістік салынды. Гүлзар түрлі жас санатына арналып, бірнеше аймаққа бөлінген: скейт аймағы, тыныш аймақ, серуендеу аймағы, балалар ойын алаңы және т. б. Экология айлығы аясында тұрғындармен бірге мұнда ағаштар отырғызылады» деді шаһар басшысы.

Қала әкімі саябақты абаттандыру жұмысы әрі қарай жалғасын табатынын да атап өтті.

«Есіл өзенінің жағасында, Косыгин көшесінің ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізілді, көппәтерлі тұрғын үй кешенi гүлзарға, «Copenhagen» ТК ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешені де гүлзарға ауыстырылды. «Nova city» ТК ауданында балабақша, «Городской романс» ТК ауданында мектептің жаңа ғимараты, балабақша, гүлзар және т. б. салынды. Сол сияқты биыл қаңтар айынан бастап қалада инженерлік желілердің болмауы және бас жоспардың келісімінсіз жаңа құрылысқа рұқсат берілмейтінін атап өткім келеді» деді Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button