Жаңалықтар

АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ!

0c56d1960cbeb643c3a14e47a33

Астана қаласында 18 мен 24 шілде аралығында «Назар аудар, жаяу жүргінші» атты кең ауқымды науқан өткізіледі. Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, бұл шара Жол жүру қауіпсіздігі мен дене жарақатының алдын алуды қамтамасыз ету мәселелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарының 8-тармағын іске асыру мақсатында ұйымдастырылғалы отыр.

«Шараның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Өйткені, қолданылып жатқан шараларға қарамастан, жол-көлік жарақаты мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Елімізде тіркелетін әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болып жатады. Жыл басынан бері Астана қаласында тіркелген 337 жол-көлік оқиғасының 68-іне жаяу жүргіншілер кінәлі болып отыр» дейді Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев.
Сондай-ақ, ол брифинг барысында нәтижелі жұмыстардың арқасында бас қаламыздағы жол-көлік оқиғасы айтарлықтай төмендеп, 5 пайызға азайғанын атап өтті. Соңғы алты айдың қорытындысы бойынша қара жолындағы адам шығынының 19, жарақат көрсеткіші 4 пайызға азайғанын көрсетіп отыр. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары да 13, жарақат көрсеткіші 12 пайызға аз болып отыр. Ал жасөспірімдер қазасы мүлдем тіркелмеген.
Науқан барысында жаяу жүргіншілердің жолды өту ережесін сақтауына әрі жаяу жүргіншілер жолының ережесін бұзатын жүргізушілерге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, осы аралықта Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері «Жарқын бол» деген атаумен арнайы акция өткізіп, жаяу жүргіншілерге жарық шағылыстырғыш білезіктер таратылатын болады.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жарық шағылыстырғыш білезіктері бар жаяу жүргін­шілерді көлік иелері 50-150 метр ара қашықтықтан бірден байқайтыны дәлелдеген. Ал шағылыстырғыш элементтер болмаған жағдайда көлік жарығы 30 метр арақашықтықта ғана жетеді. Сондай-ақ, мұндай шағылыстырғыш элементтер көлік апатын 5-6 есеге дейін төмендетеді.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button