Жаңалықтар

АЛДЫН АЛУ ІНДЕТТІҢ – ЕҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІҢ

ERA_4548

Көліктегі тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2012-2017 жылдардағы Астана қаласына карантиндік және аса қауіпті індеттер енген ретте жүргізілетін алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес елорданың халықаралық әуежай аймағында оқу-жаттығу жиыны өтті.

Оған қалалық денсаулық сақтау басқармасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, ішкі істер департаментінің желілік бөлімі және әуежай қызметкерлері қатысты.

Алдын ала жоспарлағандай, «Scat» ұшағынан жұқпалы ауруы болуы ықтимал күдікті науқас анықталып, оны дәрігерлер ем­ханаға алып кетті. Кейін медицина қызметкерлерінің екінші легі ұшақтағы басқа жолаушыларды оқшаулап, дене температураларын тексерді. Аты-жөндерін нақтылап, жұқпалы аурудың бар-жоғына көз жеткізді. Іле-шала ұшақтың борты ауруға қарсы дәрілермен бұқырланды.

Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сенсек, батыс Африка елдерінде 245 Эбола қызбасы тіркеліп, оның 154 өліммен аяқталған. Үндістан, Индонезия, Малайзия, Пәкістан, Тайланд, Сауд Арабиясы сықылды Азияның бірнеше елдерінен де 54 704 Денге қызбасы анықталып, 140 жағдай адам өліміне соқтырған. Сонымен қатар Либерия мен Нигерияда Ласса қызбасымен ауыратын 42 адамның 18-і қыршын кеткен екен. Қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде 339 ко­роновирусті инфекция ауруы кесірінен 102 адам қайтыс болған. Бұл індет Франция, Германия, Ұлыбритания, Испания, Португалия, АҚШ мемлекеттерінен де байқала бастаған.

Әлемдегі осы қиын жағдайға байланысты жолаушылар арқылы шеттен келуі мүмкін түрлі эпидемияға қарсы ұйымдастырылған шара Астана қаласындағы мүдделі мекемелердің дайындығы осал еместігін көрсетті.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button