SportЖаңалықтар

Әлем алдында өнер көрсетеді

Елордалық биші жұп Кореядағы әлем чемпионатына лицензия жеңіп алды.

[smartslider3 slider=265]

Польшада би бойынша халықаралық лицензиялық турнир аяқталды. Жарысқа әлемнің 16 елінен 120 спортшы қатысты. Елордалық спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ардақ Оторбаев жеке және Combi Latina class1 және Combi Standart class2 санаттарында Нұр-Сұлтан қаласының бишісі Айдана Бегленовамен жұптасып, екі қола медальға ие болды.
Турнир қорытындысы бойынша спортшы 2022 жылы Кореяда өтетін пара би бойынша Әлем чемпионатына қатысуға лицензия алды.
Сондай-ақ елордалық мектептің спортшысы Малика Мұхтарова Польшада төртінші орынға ие болды, бишінің Италиядағы әлем кубогында жеңіп алған әлемдік біріншілікке лицензиясы бар.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button