Sport

Әлем арулары Астанада айқасады

Астана төрінде 19-27 мамыр аралығында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпио­наты өтеді. Бү­кіл­әлемдік бокс федера­циялары қауым­­дастығы (АИБА) осы жарысты өт­кізу­ге өтініш біл­дірген Қытай, Ұлыбритания, Тайланд және Қазақстан елдері арасындағы іріктеуде Астанаға басымдық берген.

Бұл әлем біріншілігінің басты ерекшелігі байрақты жарыста Рио-де-Жанейро ойындарына қатысуға жолдамалар сарапқа салынатын болады. Әлем чемпионатында 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Ал үш салмақта, атап айтқанда, 51 келіге дейінгі, 60 келіге дейінгі және 75 келіге дейінгі салмақтарда олимпиадалық лицензиялар үлестіріледі.


Астанада өтетін әлем чемпионатында лицензия алған боксшылар Олимпиада ойындарына тікелей қатысу құқығына ие болады. Егер спортшы осы жарысқа дейін құрлық біріншіліктерінің қорытындысы бойынша лицензия олжалаған болса, онда құрлық чемпионатында екінші орында болған боксшы Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады, – деп мәлім етті АИБА атқарушы директоры Бузиди мырза.
Сонымен, Астана төрінде тағы бір дүбірлі дода өткелі тұр.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button