Ел тынысы

Алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті

«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында Астанада қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Экоакция барысында Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге түрік елінің әйгілі бөректері, симиттері және ірімшік пирогтары ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға бауырсақ, құрт, ірімшік, шай таратылды.

Ататүрік саябағында өткен жәрмеңкеге Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капучу және Түркияның басқа да өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Байқоңыр ауданының белсенді тұрғындары мен ерікті жастар қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button