Басты ақпарат

АЛҒЫС ТА АЙТЫЛДЫ

Келгендердің басым көпшілігі – баспана мәселесіне байланысты сұрақпен келгендер. Зейнеткер Мадина Файзуллина баспана кезегінде тұрғанына он жылдан асқанын айтады. Көпбалалы ана Айдана Жәнібекова жеті жылдан бері пәтер жалдап тұрады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» кеңес сұрап, көпбалалы ана ретінде қандай жеңілдіктер бар екенін білгісі келеді. Зейнет­кер Мереке Ақашев зайыбының «Алтын алқа» иегері екенін, бірақ үйі өртеніп, сол алқаның кітапшасы өртеніп кеткендіктен «Алтын алқа» иегері ретінде тиесілі құрметті, көмекті көрмей отырған көрінеді. «Полет» саяжай қоғамы «Астана су арнасы» мекемесінен өздері тұратын жердегі су проблемасын шешуді сұрады. Сондай ақ төрт баланың анасы Дәмет Мамыралиева балабақша кезегі жылжымайтынына шағымданып, тиісті органдарға талабын қойды.
Пригородный кентінің тұрғыны Наиля Халиулина «Ашық әкімдікке» алғыс айту үшін келіпті. Есіл ауданы әкімдігі саяжай аумағының балаларының мектепке қатынауына арнайы автобус бөлгізген. Сонымен бірге жолды жөндеп, бұрын тізеден балшық кешкен тұрғындарды қуантқан. Тағы бір игілікті іс – саяжай аумағынан «Шипагер» амбулаториялық клиникасының филиалы ашылған. «Балам науқас болғандықтан жұмыс істемеймін, атаулы әлеуметтік көмек аламын, отбасым қиналған кезде көмектескен әкімдікке алғыс білдірем» дейді ол ризашылық сезіммен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button