Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Индира АЙТМҰХАМЕТОВА, елорда тұрғыны:
– «Нан болса, ән болады» дейді. Жалпы, нанның халықтың жаппай тұтынатын тағамы екені белгілі. Бұл тұрғыда қаладағы наубайханалардың жұмысы, санитарлық тазалығы қаншалықты қадағаланады?

Оқырман сауалына Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаеваның жауабын ұсынамыз.
– Наубайханалар Қоғамдық ден­саулық сақтау департаменті тара­пынан қатаң қадағаланады. Кәсіпорындарға жылына бір рет әдеттегі тексеріс жүргізілсе, тұтынушылардың арыз-шағымы бойынша санитар-эпидемиолог мамандар белгіленген нысанды кез келген уақытта тексере алады. Тексеріс кезінде санитарлық талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес кәсіпорын қожа­йындарына айыппұл салу, басқа да әкімшілік шаралар қолданылады. Мысалы, өткен жылы бөлке құрамынан бөгде заттың табылуы, көгеруі, сақтау мерзімінің өтуі сияқ­ты мәселелер бойынша нан сапасына қатысты төрт шағым түсті. Нәтижесінде оның екеуі расталып, оларға, тиісінше, әкімшілік шаралар қолданылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button