ЖаңалықтарМәдениет

АЛТЫНАЙ МЕН АЛАН

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТУ ҮШІН АТАЖҰРТҚА ОРАЛДЫ

ERA_7354

Осынау айтулы уақиғаға орай қуанышымыз қойынымызға сыймай, газетіміздің өткен нөмірінде қалың оқырман қауымнан сүйінші сұраған едік.

Енді міне, «Астана Опера» театрының  директоры  Төлеубек Әлпиев таланттарын төрткүл дүние таныған өнердің қос тарланын қолдарынан жетектеп әкеліп, журналистермен жүздестіріп отыр.

Алдымен сөз алған Ресейдің халық әртісі, РФ Мемлекеттік сый­лығының лауреаты, ұзақ жылдар бойы Санкт-Петербургтегі Мария театрының прима-балеринасы атанып, кейіннен А.Ваганова атындағы Орыс балет академиясының көркемдік жетекшісі болған жерлесіміз Алтынай Асылмұратова мәртебелі
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт мәдениетін дамытуға айрықша мән беретіндігін айрықша атап өтті. Туған елін өркениет өріне бастаған тұғыры биік тұлғаның қабылдауында болып, құрметіне бөленгенін асқақ абырой көретінін үлкен тебіреніс үстінде жеткізді. Айдынына оралған аққудай Алтынай бұдан былай аталмыш театрдың балет труппасының көркемдік жетекшісі есебінде жас бишілеріміздің шеберлігін шыңдауға қомақты үлес қоспақ.

Ал, қазақ руханиятының қабырғалы қайраткері Ахмет Жұбановтың шөбере жиені, бүгінде бүкіл дүние жүзіне бел­гілі музыкант Алан Бөрібаев «Астана Опера» театрының бас дирижері қыз­метіне шақырылыпты.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бұған дейін Қазақстаннан тысқары жерде жүріп, қазақ баласының қандай биіктерде самғай алатынын дәлелдеген екі саңлақ енді елордаға қоныс теуіп, тарихи отан игілігіне еңбек етпек.
Ендеше, іске сәт!

Талғат БАТЫРХАН 

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button