ӘлеуметЖаңалықтар

БАЛАЛАРДЫ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕДІ

DSC_0625

Қазақстан кәсіподағының 110 жылдығы аясында Астана қалалық Балалар үйінде «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Бүгінде аталған мекемеде 162 бала тәрбиеленуде. Акция кезінде  тәрбие­ленушілердің спортпен шұ­ғылданып, уақыттарын тиімді өткі­зулері үшін велосипед пен өзге де спорттық саймандар, сонымен бірге планшеттер сыйға тартылды.

Н.Алтай, Қ.Қырықбаева, Р.Сатаев сынды әншілер мен І.Рахманқұлов, И.Ов­­сейчик сияқты сиқыр­шылар және Олег, Артем, Магомед есімді бишілер өз өнер­лерімен қайырымдылық ак­ция­сына үлкен қолдау көрсетті.

Мәдени шараның екінші бөлімі «Ақ бота» қуыршақ театрының қойылымымен жалғасын тапты. Мұнда 10 жасқа дейінгі бүлдіршіндер «Өті­­рікші» және «Дымбілмес» ер­тегі­лерін тамашалап, танымал мульт кейіпкерлерінің қызықты ойындарына қанығып, шексіз қуанышқа кенелді.

  Ұ. ШОРАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button