Жаңалықтар

АПТА АҚПАРЫ

Украина жерінен Алтын орда ханының жазғы қонысы табылды.

Қазба жұмыстары кезінде бұл жерден мыңдаған жез және алтын бақыр шыққан көрінеді.

«В.Даль атындағы Шығыс Украина ұлттық университеті мамандарының хабарлауынша, Алтын орда хандарына тиесілі қоныс Луганск облысының Попаснян ауданы аумағынан табылған. Кезінде хан шатыры бір үстірттің су айыратын жотасына тігіліпті. Ғалымдар осы маңайдан ауызсу көзі мен бағалы бұйымдар жасырылған жерді тапты. Одан 3 мыңнан астам жез және алтын, бақыр, қабырғаға ілетін суретті қаңылтырлар, әйелдердің әшекей бұйымдары, еңбек және тұрмыстық құралдар, қару-жарақ түрлері шықты. Шығыс Украина ұлттық университеті мамандары бұл орда Ғабдоллаһ хандікі болуы мүмкін деп топшылайды. Тарихи деректер бойынша, ол 1361 жылы Мамайдың қолдауымен хан болған. Алтын орда хандары Судак, Азау және Еділ бойындағы Сарай даласында жазғы қоныс орнатқан. Бұл жерлерде жүздеген киіз үй тігіліп, жәрмеңкелер, ойын-тойлар өткен» – деп жазады дерек көздері.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button