Жаңалықтар

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК қайта ұйымдастырылды

Астана қаласы әкімі, «Астана ЭКСПО–2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілістің қорытындысы бойынша компанияның жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылды.

Ә.Жақсыбеков компания ұжы­мына басқарма төрағасының жаңа орынбасары Марлен Жакежановты таныстырды. Ол заңгерлік департамент, тәуекел менеджменті және корпоративтік басқару, бух­галтерлік есеп және есептілік, эко­номика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жұмыстарына жетекшілік етпекші.
Ұйымның жаңа құрылымына сәйкес басқарма төрағасының орынбасары Владимир Лютовтың міндетіне сәулет, құрылыс, қа­уіпсіздік, жаңа технологиялар және IT мәселелері кіреді.
Сатып алулар, нысандарды пайдалану және операциялық қызметтерге басқарма төраға­сының орынбасары Алмас Жаманбеков жауап береді.
Басқарма төрағасының орынбасары Вера Кобалия көрмені жұртшылық арасында кеңінен таныту, халықаралық қатысушылар мен туристерді тарту, коммерцияландыру және демеушілік, контет және көрмеден кейін нысандарды пайдалану мәселелеріне жетекшілік етеді.
Александр Суворов өз еркімен басқарма төрағасы орынбасарының қызметінен босатылды.
Біріктірілген бірқатар құ­рылымдық бөлімшелерді есептемегенде, ұлттық компанияның департаменттері өзгеріссіз қалдырылды.
Сондай-ақ, аппараттық мәжіліс шеңберінде көрмені жұрт­шы­лық арасында кеңінен таныту, Тіркеу құжаттамасына сәйкес демеушілерді тарту, халықаралық қатысушылармен келісімшарттар жасасу, Елбасының тапсырмасы аясында корпоративтік қаты­сушыларды – әлемдік брендтерді, инновациялық «жасыл» тех­но­логиялардың көш­басшыларын тарту және жергілікті мазмұнды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button