SportБасты ақпаратЖаңалықтар

«Астана» клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты

Елордалық «Астана» Еуропа Лигасына іріктеудің плей-офф кезеңі аясында сырт алаңда беларусьтік БАТЭ командасымен кездесті.

у561пц65у1п

«Борисов-Арена» стадионында өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды. Осылайша қазақстандық команда еуропалық турнирдің топтық кезеңіне шықты.

Еске сала кетейік, Астанада өткен алғашқы матчта «Астана» 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Станимир Стойлов шәкірттері Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан екінші қазақстандық команда. Жарыстың бұл кезеңінде алғашқы болып 2013 жылы қарағандылық «Шахтер» ойнаған.

Ойын статистикасы:

БАТЭ (Борисов, Беларусь) — «Астана» (Астана, Қазақстан) 2:2 (1:0).

Голдар: Гордейчук 27 (1:0), Максимович 50 (1:1), Твумаси 76 (1:2), Стасевич (пен.) 89 (2:2).

Ескертулер: Родионов 48, Кендыш 75, Стасевич 81 — Максимович 34, Мокин 71, Мұжықов 85, Шомко 90.

Қызыл қағаз: Риос 82.

БАТЭ: Сороко, Гайдучик, Иванич, Жавнерчик, Риос, Родионов (Пикк 86), Стасевич, Поляков, Володько (Сигневич 55), Гордейчук (Мозолевский 73), Кендыш.

«Астана»: Мокин, Аничич, Максимович, Мұжықов (Тағыберген 85), Нұрғалиев (Бейсебеков 46), Шитов, Твумаси, Логвиненко (Малый 46), Кабананга, Шомко, Каньяс.

Бас төреші: Тони Шапрон (Франция).

Алғашқы матч: 0:2.

Фото: ФК «Астана».

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button