Жаңалықтар

АСТАНА НЕГЕ СУЫТТЫ?

Күннің күрт салқындауы елорда тұрғындарын әжептәуір әбігерге түсіргені рас. Мұндай оқыс құбылыстың жай-жапсарын «Қазгидромет» орталығынан сұрап-білген едік.

Синоптиктердің айтуынша, маусым айында суық циклонның үш толқыны күтілуде. Айдың басында жауын-шашын мөлшері көбейіп, ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Одан кейін Орта Азиядан келетін жылы ауа массаларының әсерінен температура 31 градусқа дейін ысиды. Ал суық циклонның кезекті екі толқыны айдың ортасына және соңына қарай болмақ. Қалған күндері көбіне бірқалыпты жылы күн райы болжанып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button