Мәдениет

«Астана-операны» насихаттайтын арт-дүкендер

Жуырда «Астана Опера» театрында, астаналық әуежай мен «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында арт-дүкендер ашылады. Онда театрдың символикасы бар кәдесыйларды, киім-кешектерді, басқа да тауарларды сатып алуға болады. Жоба Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылады.

[smartslider3 slider=3620]

 – Имидждік өнім сататын сауда нүктелерін ашу – мәдени қауымдастық қалыптастыру, классикалық театр өнері саласына көрермендер аудиториясының қызығушылығын арттыру бойынша іс-шаралар қатарында тұратын бастама, – дейді «Астана Опера» театры директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева.

Оның айтуынша, театрдың көпшілікке жақындай түсуге ықпал ететін «Достар клубы» жобасы шымылдықтың арғы жағына саяхат жасауға, көрермендер мен театр арасындағы өзара қарым-қатынасты жетілдіруге септеседі. Елорда әкімдігінің қолдауымен ашылатын арт-дүкендер театрға бір табан жақындауға, оның қайталанбас рухын сезінуге көмектеседі. Сондай-ақ театрға қатысты сыйлықтарға ие болуға мүмкіндік береді.

Театрдың маркетинг департаментінің мамандары тауарлар ассортименті кең екенін және ұдайы жаңартылып отыратынын айтады. Арт-дүкенде Нұр-Сұлтан қаласы мен «Астана Опера» эмблемалары салынған спорттық костюм, бас киім, футболка, шоппер-сөмке, орамал, блокнот, қалам, саптыаяқ, органайзерлер мен басқа да көптеген тауарларды сатып алуға болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button