Мәдениет

Көрмеде – соғыс тарихы

Елордада екі мәрте Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» атты көшпелі көрме өтті.

[smartslider3 slider=3619]

 Мемлекеттік әскери-­тарихи музейі ұйым­дастырған көрме қо­нақтары Ұлы Отан со­­ғысына  қатысқан қазақ­стандықтардың жеке заттарымен, архивтік құжаттармен және тағы басқа жәдігерлермен танысты. Бұл қатарда Талғат Бигелдиновтен қалған жәдігерлер де болды.

Екі жыл ішінде ол ИЛ-2 шабуылдаушы  ұшағымен 305 мәрте ұшқан. Оған ең жауапты деген, мәселен, плацдармдарды, жаудың бекіністерін жою секілді жауынгерлік тапсырмалар жүктелді. Қиян-кескі шайқастарда ержүрек ұшқыш жаудың жеті ұшағын атып түсірді. Ол Берлин аспанына бірінші болып барлау жүргізді. Жоғарғы қолбасшылық қазақ халқының батыр ұлына тоғыз рет алғыс жариялады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button