Мәдениет

«АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері

«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды мұражай-кешенінің «Алаш» залында «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» көрмесі ашылды. Оның мақсаты – ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, музей қызметін насихаттау.

[smartslider3 slider=3618]

ГУЛАГТЫҢ  лагерлері арқылы 18 мыңнан астам әйел этаппен өтті. Оларды үнемі лагерден лагерге ауыстырып отырған. «АЛЖИР»-де бір мезгілде 8 мыңға жуық әйел отырған. Олардың ішінде көбі орыстар – 4 390 (50 %), еврейлер – 855 (20 %), украиндар – 740 (15 %) және қазақ – 87 (2 %) әйелдері болды. Сонымен қатар, лагерде неміс, француз, швед, жапон, норвег, австриялық, поляк, грузин, армян, әзербайжан, литвалық, латыш және т.б. ұлттың әйелдері жазасын өтеген.  «АЛЖИР»-де қайтыс болған әйелдер саны нақтыланбаған. Кейбір деректер 600-ге жуық дейді.

Тұтқындалғандар – негізінен одаққа танымал саяси және қоғам қайраткерлерінің әйел­дері. Атап айтқанда, Әзиза Рысқұлова және оның анасы Арифа Есенғұлова, Дәмеш Жүргенова, Рабиға Асфандиярова, әнші Лидия Русланова, жазушы Галина Серебрякова, атылып кеткен маршал Тухачевскийдің отбасының әйелдері, жазушы Борис Пильняктың әйелі Кира Андронникошвили, Юрий Трифоновтың әйелі Евгения Лурье, Булат Окуджава мен Майя Плисецкаяның да аналары болды.

Көрмеге 30-жылдары Үкіметте жоғары лауазымдық қызмет атқарған және «халық жауы» ретінде атылған азаматтардың әйелдері – «АЛЖИР» тұтқындарының фотосуреттері, мұрағаттық құжаттары және жеке заттары қойылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button