РесмиетТуризм

Астана қаласында туризм саласы бойынша жәрмеңке өтеді

Астана қаласының Жұ­мыс­пен қам­­ту және әлеуметтік бағ­дар­ла­ма­­­­лар басқармасы «Менің елім» іш­­кі туризмді дамыту жөніндегі қа­уым­дастығымен бірлесіп ағым­­да­ғы жылдың 16 наурызында са­­ғат 11.00-ден 14.00-ге дейін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқыту-әкім­шілік кор­­пусында туризм са­­ла­­сын­­­­да бос лауазымдар жәрмеңкесін өт­­кізеді.

Іс-шараның мақсаты жұмыссыз­дар­­ды жұмысқа орналастыру ға­­на емес, сондай-ақ, аталған са­­ла­­ның кәсібін таныту болып табы­­лады. Іс-шараға осы саладағы ма­­мандықтар бойынша оқытуға тар­­ту мақсатында мектептің түлек­­тері шақырылатын болады. Оқушылар елордада «Хилтон», «Мэриот» секілді әлемдік аттарымен салынып жатқан қо­­нақ­ үй, туризм саласында қажетті кә­сіптер туралы көрнекі түрде ақ­­параттандырылады. Аталған іс-шараны өткізу ЕХРО-2017 жәр­­меңкесі үшін кадрлар даярлау және туристік саланы одан әрі кеңейту бойынша ықпал ететін болады.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button