Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Солтүстік Қазақстан облысы

Булаев қаласында Батыр Баян атындағы спорт кешені ашылды. Нысанның құрылысына 107 млн теңге жұмсалды. Аумағы 1100 шаршы метрді алып жатқан кешенде фитнес, ауыр атлетика секілді өзге де әмбебап ойын залдары бар.

Ақтөбе облысы

Облыс орталығындағы мектептерді жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлінді. Бұған қоса, жыл соңына дейін білім мекемелері компьютермен 100 пайыз қамтамасыз етілмек.

Атырау облысы

Атырауда елорданың 20 жылдығын тойлау аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Оған 7 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.

Түркістан облысы

Түркістан облысы шетелге 4,5 мың тонна сиыр етін экспорттады. Аймақта осы жылдың 9 айында ірі қара мал саны 11 пайызға артып, 972,6 мыңға жеткен.

Қарағанды облысы

Қарағандыда «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты ақындар байқауы өтті. Рес­публикалық деңгейде өткен жарысқа еліміздің әр аймағынан 18 бен 40 жас аралығындағы 70 адам өтініш тапсырған.

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданының орта­лығында ақын, филология ғылымдарының докторы, халық жазушысы Тұрсынхан Әбдірахманованың ескерткі­ші ашылды. Оның биіктігі 6 метрді құрайды.

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласында қа­­зақы кілем тоқитын ше­бер­лерді қолдауға арналған «Kilem Fest» атты көрме-фес­тивалі өтті. Іс-шара барысында қазақы кілемнің бағасы 370-400 мың теңгеге дейін сау­­даланды.

Қостанай облысы

Қостанай облысындағы 864 мың тұрғынның 73 па­йызы электронды денсаулық төлқұжатына ие. Алдағы уа­қытта өңір тұрғындары бұрынғыдай амбулаториялық картаны пайдаланбайды, енді дәрігер қабылдауына электронды түрде жазылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button