Жаңалықтар

АСТАНАЛЫҚТАР САНЫ 808 429 БОЛДЫ

25big

Астана қаласындағы халықтың саны 2013 жылдың 1 қарашадағы көрсеткіші бойынша 808 429 адамды құрады. Бұл ақпарат astana.kz cайтына  Астана қалалық Статистика департаментінен хабарланды.

2013 жылдың басымен салыстырғанда  Астана қаласының халқы 30 231 адамға көбейген. Жалпы, 2013 жылғы қаңтар-қазан айларында Астанадағы халықтың табиғи өсімі 15 426 адамды, көші-қон өсімі 14 805 адамды құрады.Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында Астана қаласы бойынша 18 350 сәбидің туғаны тіркелді. Осы мерзімде қалада 2924 адам қайтыс болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button