Жаңалықтар

Астананы сумен қамтамасыз ету шаралары қаралды

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев су шаруашылығы және елімізде суармалы егіншілікті одан әрі дамыту мәселелері жөнінде селек­торлық кеңес өткізді.

Кеңес барысында Астананың су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сумен жабдықтау мәселелері, сондай-ақ суармалы егіншілік жүйесін жетілдірудің перспективалық жобаларына қатысты мәселелер талқыланды.
Кеңесте сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев, ҚР АШМ жауапты хатшысы А.Мамыт­беков, ҚР АШМ Су ресурстары коми­тетінің төрағасы И.Әбішев қазіргі жағ­дайға жасалған талдау мен алға қойылған міндеттер бойынша бірқатар шешімдерді ұсынды. Атап айтқанда, қорғаныс бөгетін реконструкциялау, тасқын сулардан қорғау, елорданы ауыз­сумен жабдықтаудың сақтық көзін және жаңа су қоймасын салу, сондай-ақ сұранысқа ие суармалы жерлерді қалпына келтіру жөніндегі тәсілдер қаралды.
Мәселені талқылауға бейнеконференция режімінде Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Қаржы министрі Ә.Смайылов, Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек, Астана әкімі Б.Сұлтанов пен Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин қатысты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button