Басты ақпарат

Автотехника зауыты ашылды

Астана күнінде елордада Orbis Heavy Machinery мамандандырылған автотехника шығаратын мультибрендтік зауыт ашылды. Кәсіпорын Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі KIA коммерциялық техникасының алғашқы өндірістік алаңы болғалы отыр.

[smartslider3 slider=3430]

Зауыттың ашылуына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев қатысты.

Жоба ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Зауытқа салынатын инвестиция көлемі 11 млрд теңгені құрап, ол Orbis компаниясының меншікті қаражаты есебінен де, «Сбербанк Қазақстан» АҚ ЕБ-ден алынған кредиттік қаражат есебінен де салынды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты бірінші кезеңде жылына коммерциялық және мамандандырылған 11880 автомобиль техникасын шығаруға есептелген. Сарапшылардың есептеуінше, бұл көлем қазақстандық нарықты бәсекеге қабілетті бағадағы сапалы коммерциялық және мамандандырылған техникамен қамтамасыз етуге, сондай-ақ 11 елдің нарығына шығаруға жеткілікті. Компания басшылығының бағалауы бойынша, уақыт өте келе экспорт үлесі өндірістің жалпы көлемінің 80%-на жетеді. Осы жылдың соңына дейін қазақстандық өндірістің KIA Bongo 2000 данасын ТМД елдерінің нарықтарына жеткізу туралы келісімшарттарға қол қойылды.

Orbis Heavy Machinery зауыты – Orbis Kazakhstan компаниялар тобының еншілес кәсіпорны. Ал Kia Corporation-оңтүстік кореялық автомобиль жасау компаниясы көлемі бойынша Корея Республикасында екінші және әлемде жетінші автомобиль өндіруші, ол 1944 жылы құрылған, Hyundai Motor Group компаниялар тобына кіреді. KIA Corporation және Orbis Kazakhstan арасындағы Лицензиялық келісімге 2021 жылы қол қойылған.

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан зауыт кешенінің жалпы ауданы 4,5 га құрайды, бірінші кезеңдегі өндірістік орын ауданы – 9 мың шаршы метр. Зауыт бірінші кезеңде өндірістік және әкімшілік қызметпен айналысатын 240 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Зауыт кешеніне дәнекерлеу, бояу және құрастыру алаңдары, сондай-ақ қондырмаларды өндіру цехы кіреді. Өндіріс Корея Республикасы, Түркия, АҚШ, Германия және Қытай сияқты елдердің жаңа технологиялық жабдықтарымен жабдықталған, шетелдік мамандардың қолдауымен кәсіпорында ең заманауи технологиялар енгізілуде. Оңтүстіккореялық мамандар Нұр-Сұлтандағы зауытта өндірістік процесс KIA технологиялық стандарттарына сәйкес екенін мәлімдеді.

Кәсіпорынның екінші кезегі 2023 жылдың III тоқсанында іске қосылады.  Зауыттың жобалық қуаты екінші кезең аяқталғаннан кейін шамамен 20000 техниканы құрайды, бұл шығарылатын өнім желісін кеңейтуге, экспорт көлемін 16000 техникаға дейін жеткізуге және 200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Зауыт жұмысының алғашқы бес жылындағы салық түсімдері 6 млрд теңгеден асады. Екінші кезең аясында зауыт фургондар, кран-манипуляторлар, гидроборттар және автогидрокөтергіштер өндірісін игереді. Сонымен қатар ішкі жану қозғалтқыштарын және басқа автомобиль компоненттерін жинауды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл кәсіпорынға 51%-дан астам локализациялауды қамтамасыз етуге және отандық автоөнеркәсіпті дамыту бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

– Біз мұнда коммерциялық автомобильдердің әлемдегі ең ірі жеткізушілерінің бірі ретінде келдік және Қазақстанда KIA жоғары сапалы техникасының өндірісін дамытып, экономиканың өсуіне ықпал етуге бар күшімізді саламыз, – деп атап өтті КIA Corporation аға вице-президенті Ик Тэ Ким. Orbis Kazakhstan компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов ҚР Үкіметіне зауытты іске қосу бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтып, кәсіпорынды ашу Қазақстанда озық технологиялар трансферті мен бюджетте салық түсімдерінің өсуіне және жаңа жоғары технологиялық, әрі жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін атап өтті.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button