Ақтаңдақтар ақиқатыБасты ақпарат

Ауа көшкен халықтың қасіреті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған сәйкес, республиканың барлық облысында зерттеу жұмысы қарқын алды. Осы ізденістердің нәтижесі ретінде жақында Астана қаласы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының кезекті отырысында «Ақмола өңірі – архив құжаттарында (ХХ ғ. 20-40 жж.). Құжаттар мен материалдар жинағы» кітабының таныстырылымы өтті. Аталмыш құжаттар жинағына XX ғ. 20-40 жылдарындағы Ақмола өңірінің қоғамдық-саяси өмірі мен дәстүрлі шаруашылығындағы түбегейлі өзгерістер, халық өкілдерінің азаттық жолындағы күресі мен қызметі, әскери-саяси жағдай, ашаршылықтың салдары, тәркілеу кезінде мал-мүлкінен айырылған адамдардың жанайқайы мен шетел асуға мәжбүр болған босқындардың таралу аймағын көрсететін архив материалдары топтастырылған. Сондай-ақ саяси науқандар мен жаппай қуғын-сүргіндерге қатысты бұйрықтар мен нұсқаулықтар, қаулы-қарарлар мен шешімдер, қуғынға ұшыраған жергілікті тұрғындардың арыз-шағымдары мен талаптары, ресми баяндау жазбалары, статистикалык мәліметтер және саяси құқығынан айырылған адамдардың тізімдері енгізілген.

Жалпы саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бағытындағы атқарылған жұмыстар өткен тарихымызға басқаша қарап, зобалаң жылдардың шындығын анықтауға әділ бағасын беруде маңызды қадам болды. Біздің кейіпкеріміз де осы кезеңде орын алған, алайда тарихта қалтарыста қалған «ауа көшу» құбылысына нақты баға береді.

«Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатына қатысты тарихи әділдікті толық қалпына келтіру мақсатындағы мұндай ауқымды жұмыс ең бастысы өткен тарихымызды зерделеу үшін қажет. Сол кезеңнің бір көрінісі, халықтың отырған жерінен «ауа көшуі» әлі шын бағасын алған жоқ» деп ойлайды тарих ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ тарих кафедра­сының профессоры Тұрсұн Хазретәлі.

– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жүргізілетін жұмыстарға науқандық сипат беріп немесе белгілі бір уақытпен шектеп қоюға болмайды. Архив қорындағы орасан зор көлемдегі құжаттарды археографиялық өңдеп, ғылыми айналымға ұсынудың өзіне көп уақыт пен күш-жігер керек болса, ондағы мәліметтерді сараптап, талдап, ғылыми тұжырымдар жасау үшін де сондай әрекеттерді талап етеді. Демек, тарихи танымды жаңалауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасуы тиіс.

 

Қазақта ауа көшу деген феномен бар. «Ауа көшу» кешегі Голощекиннің кезінде ғана шыққан жоқ. Бұрын да қазақтың дәстүрлі қоғамында бар тәсіл еді. Мысалы, бір билеу­шімен келіспей қалса, басқа жаққа ауып көшіп кеткен қазақ. Елге індет тараса, сол төтеден келген апаттан ауа көшіп құтылған. Олар дәстүрлі қоғамда бар нәрсе еді. Ал мына советтік қоғамдағы ауа көшудің орны мүлдем бөлек. Ауа көшудің ең негізгі себебі – ол халықтың саяси қуғынға түсуі

Енді ауа көшудің себебін қарастыралық. Басты себебі – өткен ғасырдың басында Қазақстанда саяси билікке Сталиннің фавориті Голощекин келді. Голощекин келген кезде ұстанған концепциясы қазақтарға өте ауыр соққы болып тиді. «Қазақстанға Октябрь революциясы келмепті, революция қазақ ауылын айналып өтіпті. Қазақстанда Кіші Октябрь революциясын жасау керек» деген ұранмен 1928 жылы қазақтың ірі байларын кәмпескелеу басталды. Сол жылдың қыркүйек-қазан айларында бас-аяғы бір жарым айдың ішінде мен қарастыр­ған аймақта 700-ге жуық ірі байлар тәркіленген. Олардың жалғыз басы ғана емес, отбасы, ­бала-шағасы түгел босып кетті. Әрқайсысында кемінде бес-алты­дан жан басы болса, соншама адам жер аударылып кетті. Бұл – атқару комитетінің шешімімен ресми жер аударылғандар. Олардан кейін орташалар мен кулактарды тап ретінде жою деген науқан басталды. Осы науқанның кезінде алғашқы кезекте ұлы кәмпескеге ілінген байлардың туыстары, бауырлары, солардың құда-жекжаттары, жамағайындары ілінді. Олардың бәрі «халық жауы» емес, керісінше, бір әулетті, бір ауылды асырап отырған дәстүрлі қазақ шаруашылығын жүргізіп, қазақ ауылының бетке ұстарлары мен тірегі болатын. Осы тіректі жойғаннан кейін қазақ жерінде дағдарыс басталды. Ол неге басталды? Қорасында лағы жоқ, шаруаға қырсыз жалғыз-жалқыбайлар белсендіге айналып, жаңа қоғамда атқа мінді. Кешегі жер аударылғандардың әлі де болса елде қалған туыстарын жаңадан құрылып жатқан колхоздарға қабылдамай, сайлау құқығынан айырды. Осылайша өз ортасынан шеттетілді.

– Бұл саяси қуғын-сүргіннің басы ма еді? Сол жылдары халық босып кетті ғой. Шығыс Қазақстан мен Тарбағатай, Жетісу өңіріндегі қазақтар Қытай, Моңғолия асты. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе тұрғындарының бір бөлігі Өзбекстанға, Ауғанстанға және Иранға ауды. Жамбыл облысының халқы қырғызға жетсе, Маңғыстау халқы түрікмендерге барып бас сауғалады.

– Қазақта ауа көшу деген феномен бар. «Ауа көшу» кешегі Голощекиннің кезінде ғана шыққан жоқ. Бұрын да қазақтың дәстүрлі қоғамында бар тәсіл еді. Мысалы, бір билеушімен келіспей қалса, басқа жаққа ауып көшіп кеткен қазақ. Елге індет тараса, сол төтеден келген апаттан ауа көшіп құтылған. Олар дәстүрлі қоғамда бар нәрсе еді. Ал мына советтік қоғамдағы ауа көшудің орны мүлдем бөлек. Ауа көшудің ең негізгі себебі – ол халықтың саяси қуғынға түсуі. Саяси қысымға түскен халықтың алдында қайтіп ел боламыз, болашағымыз не болады деген таңдау тұрды. Міне, осы кезде Голощекиннің тоталитарлық билігінің шектен шығып кеткеніне наразы халық көтеріліске шығып, бас көтерді. Бұл еліміздің түкпір-түкпірінде орын алды. Бұл жаншылған халықтың қолына қару алып, көтеріліске шығуы еді. Ол күшпен басылды, онда да қыр­ғын, аман қалғандары бөтен ел асып, бас сауғалады.

Меніңше, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты комиссияның алдында тұрған үлкен міндет ауа көшу мәселесі деп ойлаймын. Өзбекстанға, Тәжікстанға, жалпы Орта Азия республикаларына көшкен қазақтардың саны 650-800 мың арасы дегенді айтады. Ал мынау Шығыс, Орталық ­Қазақстаннан ­Қытайға жер ауғандар

1 млн 200 мың,1 млн 300 мың ­дегенді айтады. Мен осы Орталық Азия бағытында жұмыс істегеннен кейін айтылып отырған 650-800 мыңды ауа көшкендердің нақты саны деп айта алмаймын, тым аз деп есептеймін

Ал «ауа көшу» – қолға қару алып күресу емес, бәледен қашып құтылу. Осы тұстағы кешегі байлар, билер, болыс­тар, хан-сұлтандар, ишандар әулетінің биліктен келген қысымнан құтылудың бірден-бір жолы ауа көшу еді. Голощекиннің, одан кейінгі Мирзоянның тұсында миллиондаған адам аштықтан өлді, пәленбай миллионы ауып кетті, қазақ жері қаңырап бос қалды.

Меніңше, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты комиссияның алдында тұрған үлкен міндет ауа көшу мәселесі деп ойлаймын. Өзбекстанға, Тәжікстанға, жалпы Орта Азия республикаларына көшкен қазақтардың саны 650-800 мың арасы дегенді айтады. Ал мынау Шығыс, Орталық Қазақстаннан Қытайға жер ауғандар 1 млн 200 мың, 1 млн 300 мың дегенді айтады. Мен осы Орталық Азия бағытында жұмыс істегеннен кейін айтылып отырған 650-800 мыңды ауа көшкендердің нақты саны деп айта алмаймын, тым аз деп есептеймін.

– Бұл да қарсылықтың бір түрі ғой?

– Әрине, Голощекин билігі кезінде басталған ауа көшудің салдары сайын далада сайрап жатты. Биліктің үлкен-кіші кәмпескесі, бай-кулакты жою, науқан салық, халықты отырықшыландыру, колхоздандыру соңы халықты тым ашындырып, қатты бұрап жіберді. Аштықтан қырылғаны бар, босып кеткені бар, қазақ ауылдары қаңырап қалды. Халыққа жасалған ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін ауа көшуді, ашаршылықты байлар ұйымдастырған деп соларға жаба салды. Осы концепцияны іліп алды да, бүкіл НКВД, ОГПУ осы бағытта жұмыс істеді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамында біз архивтерде болдық, іздестіру жұмысын жүргіздік. Қолыма екі іс түсті. Ол – Тәжікстанға алғашқы толқынмен ауа көшкен Алаш қайраткері Жұмаділ Исаевтың ісі. Оған қатысты 48 адамның үстінен іс қозғалған. Жаңақорғандық Айқожа ишанның немересі Сәруар ишан бастаған 66 адамның үстінен болған тергеу солақай саясаттың ізін жасыру үшін жасалғанына көзіміз жетті. Осылайша жүзден аса адамды Шымкент түрмесіне қамап, бес-алты ай тергеу жасап, алды ату жазасына кесіліп, соңы Сібірге он жылға айдалды. Ақталғандар да болғанын айту керек. Бұлардың барлығы ақталмаған, ақталуы тиіс.

– «Ауа көшу» тақырыбын таңдауыңыздың себебі неде?

– Өзім де ауа көшушілер ұрпағымын. Әкем Мақан Байтұрсынұлы 1931 жылы Жаңақорғаннан елмен бірге Тәжікстанның Фархар деген жеріне ауа көшкен, сонда тұрақтаған. Сол кезде біздің әулеттен Ауғанстанға 17 отбасы өткен екен. 1993 жылы Түркиядан қандастарымыз көптеп оралды ғой. Сол кезде бұрынғы ауа көшкен әулеттен екі-ақ шаңырақ келді. Келген соң басқалары қайда деп сұраймыз, «опат болды, аурудан өлді» дейді. Әбіләзиз Пайзамбетұлы деген ағамыз келді. Әкесінің неше әйел алғанын білмеймін, бірақ отыз баласы болған екен, соның ішінен жалғыз өзі ғана қалғанын айтты.

Ауа көшудің жаңғырығы өшкен жоқ. Жақында Ауғанстаннан Қаландар деген қандасымыз хабарласты. Ол «біз қазақпыз, оның ішіндегі ноғаймыз» дейді. Қазақтың руы паспорты ғой. Елшілікке барса руың қандай десе ноғаймыз дейді. Елшіліктегілер: «Ноғай болсаң, сен Ресейге көшуің керек, ноғайлар қазір Ресейде» дейді. Бұлардың тілі қазақ. Сонымен мен оларға ақыл-кеңесімді айттым. Бұл ноғай қазақтың да құрамында бар. «Сендер қазақтың ноғайы­сыңдар» дедім. Ол «менің төңірегімде 200 адам бар, елге келе алмай жатырмыз» деп жанайқайын жеткізді. Басты кедергісі құжаттарына ауған деп жазылған.

Дәл осындай проблема Тәжікстанда да бар. Бұрынғы ауа көшіп барғандардың үшінші буыны Қазақстанға келе алмай жатыр. Өйткені олардың да төлқұжаттарына «өзбек», «тәжік» деп жазылып кеткен. Міне, мұның барлығы – 20-жылдардағы ауа көшудің салдары. Оны ұйымдастырған да, түрткі болған да тоталитарлық билік еді. Қазақ халқын қынадай қырған ауыр қасірет зардабы әлі жетіп жатыр. Басқа ұлт өкіліне үйленіп, тұрмысқа шыққандардың ұрпағы пуштун, өзбек, тәжікке сіңіп кетті. Олар енді елім деп айта алмайды.

Ауа көшу өз бағасын алуы тиіс. Ауа көшушілерді кеңестік қоғам «бай, халық жауы» деп қара таңба басып қойды. Қазақта «ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген сөз бар ғой. Олар тұрғысында «тойған жеріне кетті» деген сарында әңгіме айтылатын. Мұндай көзқарасты өзгертуіміз керек. Менде мынадай тұжырым бар. Рас, бұл жол да ауыр болды. Егер ауа көшпей, осы кеңес өкіметінің билігіне шыдап отыра бергенде, әрі қарай 31-32-жылғы ашаршылыққа ұрынар еді. Ашаршылыққа ұрынғанда, қаншама адам жоқ болар еді. Мысалы деп айта­йын, әкеміз 30-жылдары көшті деп отырмыз ғой. Сол әкеміз жалғыз, оның әкесі жалғыз. Сол әкеміз Тәжікстанға барып, сонда үйленіп, тоғыз ұл-қыз өсірді. Сол ұл-қыздан қазір біз тарап отырмыз. Ал ауа көшіп әрекет етпей отыра бергенде, артынша келген ашаршылықтан бір сайда ісіп-кеуіп өліп қалғанда, біз қайда болған едік? Айтпағым, ауа көшу қазақтың генофондын сақтап қалды.

Биологиялық тұрғыда ғана емес, ауа көшкендер қазақтың салтын, дәстүрін, мәдениетін сақтап қалды. Биыл Әлшекей Бектібайұлының 150 жылдығына орай үлкен шара өтті. Ол сексеннен асқан жасында туған жерінен күн көру мүмкін болмағаннан кейін ауа көшіп кеткен. Тәжікстанда Яван деген жерде қайтыс болған күйші өзімен бірге күйін алып кетті. Сол жақта насихатталды, бүгінде бізге жетті.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button