ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Азық-түлік таратты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. Кезекті рет өткізілген қайырымдылық шарасында толық емес, мүгедек балалары бар отбасылар, сол сияқты жалғызбасты зейнеткерлерден тұратын 50-ден аса отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді.

[smartslider3 slider=768]

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 30 игі іс бастамасы жүргізіліп жатыр. Әр себеттің салмағы – шамамен 30 келі. Себеттің ішінде картоп, пияз, қырыққабат, ұн, жұмыртқа, ­сұйық май, сүт, айран, шұжық секілді тұрмысқа қажетті өнімдер бар. Бұл жолғы қайырымдылық шарасына Ақмола облысының кәсіпкерлері демеушілік етіп отыр. Игілігі мол шара биыл басталып, жыл соңына дейін жалғасады» дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

Ерікті Жанна Сейдішованың айтуынша, еріктілер тобы ылғи да сауабы мол шараның басы-қасында жүреді. «Бүгін «Хан Шатыр» СОО жанындағы жәрмеңкеде азық-түліктерді себеттерге бөліп отырмыз. Әрі қарай жағдайы төмен отбасыларға таратамыз. Арнайы тобымыз бар» дейді ол. Көпбалалы ана Жазира Сариева қала әкімдігіне берген өтініші жауапсыз қалмайтынына ризашылық білдірді. «Әкімдік үнемі көмектесіп тұрады. Жақында баспаналы болдық. Бұрын жер үйде бір бөлмені жалдап тұратын едік. Тұрмысы төмен жандарға ылғи да қолдау көрсетіліп отырады. Қала әкімдігіне алғысым шексіз» дейді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button