ЖаңалықтарҚұқық

Сотталғандар қамқорлықтан кенде емес

Қаламызда «Бейімдеу технологиялары мен тұжырымдамалары» қоғамдық қоры Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен «Азаматтар үшін ең жоғары құндылық – санатына және әлеуметтік жағдайына қарамастан өмір сүру сапасын жақсарту» атты дөңгелек үстел өткізді.

Жазасын өтегендер де жұмыссыз қалмайды. Аталған қоғамдық қор істі болып, жазасын өтеп шыққан адамдарға құқықтық және психология­лық көмек көрсетеді. Жоба аясында биыл 807 адам қамқорлыққа алынды. Олардың 62-сіне құқықтық, 486-сына психологиялық, 66 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұдан басқа, 245 адам жұмыспен қамтылды, 35 адам кәсіпкер атанды, 23 адам құжатпен қамтамасыз етілсе, 16 адам ауруханаға жатқызылды.

«Бейімдеу технологиялары мен тұжырымдамалары» қоғамдық қоры қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйым мемлекеттік органдармен, пенитенциарлық жүйе өкілдерімен, көші-қон полициясымен, медициналық-әлеуметтік оңалту орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button