Білім

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

Өткен сейсенбі күнгі Үкімет отырысынан кейін Білім және ғылым вице-министрлері Эльмира Суханбердиева және Бибігүл Асылова білім саласында қолға алынған жобалар жайында брифинг өткізді.

Елбасы жақында ғана Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім саласына жаңа міндеттер жүктеді. Енді оны орындау үшін аталған министрлік бірқатар шараларды қолға алған. Э.Суханбердиеваның айтуынша, жергілікті атқару органдарымен бірлескен жол картасы жасалып, осы бағытта жұмыс тобы құрылған. Биылғы маусым айында мұғалімдер алғаш рет ұлттық тест тапсырды. Осы біліктілік тестілеуден 56910 педагог өткен. Енді олар қыркүйектен бастап жаңа жүйемен жалақы ала бастады. Тестілеудің екінші кезеңі алдағы қараша айында өтеді.
Қазіргі күнде еліміздегі мектептер мен балабақшалардың 80 пайызы бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Осы жобаны жүзеге асыруда Атырау облысы көш бастап тұр. Бұл аймақта білім беру ұйымдарының 87 пайызы бейнебақылаумен жарақталған. Енді алдағы үш жылда бұл жұмыс толық аяқталады. Сондай-ақ, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың сөзіне зер салсақ, 2023 жылға қарай жалпы білім беру саласына жұмсалатын шығындар біршама артады екен.
«Алдағы жылдан бастап балабақша мамандарының еңбекақысы өседі. Педагогтардың мәртебесі туралы заңды әзірлеу аясында мектеп басшылығының да жалақысын көтеру қарастырылды. Сонымен қатар, сынып жетекшісі және мұғалімдердің оқушылар дәптерін тексергені үшін де жалақыны өсіру есептелді. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінеді» деді вице-министр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button