Білім

Өнертапқыш оқушы

№ 8 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алинұр Садыр болашақ өнер ордасының архитектуралық сызбасын ойлап тапты.

– Болашақ мамандығым архитектурамен байланыс­ты болғандықтан, өзімнің арманымдағы архитектуралық сызбаны мектеп қабырғасынан бастағанды жөн көрдім, бұл бастамам келешекте арманыма қанат байлап, нағыз мақсатқа айналарына кәміл сенемін. Бұл жобаның сырт келбетіне қарасақ, өнер ордасы болғандықтан нота тәріздес көрінгенін қаладым. Өнер ордасының ішкі элементтеріне келетін болсақ, толықтай қашықтықтан басқару қызметі орнатылған, жарықты үнемдеу, апаттың алдын алу қосымшасы қондырылған. Жобаны жасауға бір айдан аса уақыт жұмсадым. Бұл жобам «Астана дарыны» ұйымдастырған «Болашақ сәулет өнері» жобасында жүлделі ІІІ орын иеленді, архитектуралық жобалармен қатар, пәнаралық олимпиадаларда орын иелендім және Балқаш қаласындағы «Балдәурен» лагеріне барып, қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшелігіне қабылданып, төсбелгімен марапатталдым.

Осы салада әлі талай жетістіктерге ұмтылсам, жаңалық болар дүниелерді жасасам, – дейді жас архитектор Алинұр Талғатұлы.

– Алинұр – оқу екпіндісі, сыныптың белсендісі, физика-математика пәндерін сүйіп оқиды, болашақ мамандығы жоғарыда атап өткендей, архитектура саласымен байланысты. Келешекте Алинұрды өз саласының мықты маманы боларына сенемін» дейді «STEAM» зертханасының жетекшісі, әрі сынып жетекшісі, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мақсат Төлентайұлы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button