Жаңалықтар

Білім беру нысандарын аралады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірқатар білім беру нысандарындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

«Жөндеу жүріп жатқан әрбір мектепке, балабақшаға қатысты мәселе бар. Шатырынан бастап желдету жүйесіне дейін қарастыру қажет. Бүгін кешкілік аралау барысында бірқатар білім беру нысанында жүріп жатқан жұмыстарды қарадым. №84 мектеп-лицейі (Ұлы дала даңғылы, 7/1 ) автономды жылыту жүйесінен орталық жылыту жүйесіне ауыстырылды. Мекеме директорының есебі бойынша осы арқылы отынды 7 есеге үнемдеуге болады. Бұрын бұл мектепке автономды жылыту құны 100 млн теңгеден асты» деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
А.Байтұрсынов атындағы №48 мектеп-лицейінің (Жирентаев көшесі, 15/2) қасбеті жөнделіп, жаңа желдету жүйесі орнатылуда. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған көтергіш орнатылды.
– Оқу жылының басынан бастап 1-4-сынып оқушылары «кезекші топтарда» оқитынын ескере отырып, мектептерде арақашықтық сақтау қажеттілігі туралы жадынамалар әзірленді. Балалар парталарға шахмат тәртібімен отырады. Биыл барлығы 26 білім беру нысанын (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөндейміз. 12 мектеп салып, пайдалануға береміз. Бұл 2019 жылмен салыстыр­ғанда екі есе көп, – деді А.Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button