Жаңалықтар

БІРЛЕСІП АТҚАРҒАН ІС БЕРЕКЕЛІ

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара әрекет жөніндегі консультациялық кеңестің отырысы өтті.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы Болат Тілеповтің айтуынша, бүгінгі таңда Астанада ресми түрде 280 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың жыл басынан бері атқарған шаруаларын қорытындылай келе, басқарма бастығы қазіргі кезде жалпы құны 38 млн теңгені құрайтын 19 әлеуметтік жобаның жүзеге асырылғанын айтты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық мәде­ниет басқармасы бастығының орынбасары Самат Тергембаев сөз сөйлеп, мемлекеттік органдар мен үкі­меттік емес ұйымдардың, этномәдени бірлес­тік­тердің бас шаһардағы мәдени-көпшілік шараларды ұйым­дастырып, өткізудегі ынтымақтастығы туралы әңгімеледі.

Бұл ретте Астанада ауқымды істер атқарылуда.

Үкіметтік емес ұйымдар қалада ұйымдастырыла­тын шараларға белсене атсалысуда. Тек осындай іс-шара­ларды өткізуге алдымен қаражат қа­жет екені белгілі. Бұл бағытта әлеуметтік салаға дербес бөлінген қаржының жоқтығына қарамастан, ұйым­дас­ты­ру­шылық жағынан барынша көмек көрсетіп келе жатқандарын жеткізген басқарма басты­ғының орынбасары алдағы уақытта да дәл осындай бел­сенділік танытып, үкіметтік емес ұйымдарды ынты­мақ­таса еңбек етуге шақырды.

Бірлесіп атқарылған іс қашан да нәтижелі болады. Сондықтан, баршамызға ортақ істе ұйымшылдық танытып, бірлесе еңбек етудің береке әкелетінін естен шығармаған игі.

Отырысқа қатысқандар осындай оймен тарқасты.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button