Басты ақпарат

Бішкек мэрімен кездесті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Бішкек қаласының мэрі Д.Айбекпен кездесті. Тараптар кездесуде екі астананың ынтымақтастығына қосымша серпін беретін жол картасына қол қойды. Бұл туралы қала басшысы мәлім етті.

[smartslider3 slider=1312]

«Германияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі И.Моника және Бішкек қаласының мэрі Д.Айбекпен кездесіп, білім беру, медицина, көлік инфрақұрылымы, туризм, мәдениет, спорт және тағы басқа салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты талқыладық. Бішкек мэрімен екі астананың ынтымақтастығына қосымша серпін беретін жол картасына қол қойдық. Өткізілген кездесулер бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, қала экономикасына жеке инвестиция­лар тартуға, жұмыс орындарын құруға, өзекті бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық ахуал­ды ескере отырып, сондай-ақ вакцинациялау барысын, карантиндік шараларды сақтай отырып, нысандардың жұмысы үшін жағдай жасауды және тағы басқаларын талқыладық» деп жазды А.Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button