Қала тіршілігі

Биыл Астанада 1 311 645 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұл өткен жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейден 23,4 пайызға жоғары. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 11 987 пәтерлік тұрғын үй тапсырылды.

doma-novostroyki-zhilyo

Астана қаласы Статистика депар­таментінің мәліметінше, жеке салушылар жалпы ауданы 112 140 шаршы метрлік тұрғын үй салған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,7 есеге артық. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,5%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-шілдеде 2,8%-ды құраған болатын.
2016 жылдың жеті айында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 74 144,8 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі көрсеткіштердің 99%-ы. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражат үлесі 19,3 пайызды құраған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button