Шаһар шежіресі
Бұрынғы гастроном – бүгінгі банк ғимараты
Бірінші суретте – Целиноград қаласындағы Бейбітшілік көшесі (бұрынғы Мир көшесі) бойында орналасқан «Колос» гастрономы.
[smartslider3 slider=3584]
Ол 1971 жылы салынып, шаһардағы ең үлкен азық-түлік дүкені ретінде қала тұрғындарына жүйелі қызмет көрсетіп тұрған. Ал гастрономның жанында тұрған «Волга» жеңіл автокөлігі сол кездегі мұндағы адамдардың тұрмыс-тіршілігінен хабар бергендей.
[smartslider3 slider=3585]
2019 жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, екі-үш жылдан бері бұрынғы әмбебап гастроном ғимаратына «Jusan» банкі қаржы мекемесі қоныстанды.