Sport

Чемпиондық атағын қайтарды

Спортсүйер қауым өткен сенбі күні «Барыс Аренаны» бетке алды. Шаршы алаңда кәсіпқой бокстың табалдырығын енді ғана аттап жүрген қазақстандық бірқатар былғары қолғап шебері қарсыластарын ойсырата ұтты.

Атой салған жанкүйерлер байрақты бәсекенің басты жекпе-жегі бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункаяның рингін тағатсыз­дана күтті. Бірақ бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсірген Бейбіт Шүменов өзінің басым екенін көрсетті. Тоғызыншы раундта бірнеше қатты соққы алған Алтункая тағы бір мәрте нокдаунға түсіп, оныншы раундта рингке шығудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, WBA Reguar тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қайтарып алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button