Басты ақпарат

Депортация

1930-1944 жылдар аралығында Қазақстанға Кеңес одағының өзге өңірлерінен 2 миллионға жуық адам күштеп қоныс аударылды

[smartslider3 slider=1538]

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап тарихи шындық пен әділеттілікті орнату мақсатында көптеген шаралар қабылдады, жұмыстар атқарылды. Себебі тарих беттерінің ақтаңдақтарын зерттеп, жарыққа шығару, тарихи мұраны үзбей жалғастыру – әрбір ұрпақтың міндеті. Көптеген посткеңестік мемлекеттерге ортақ тарихымызға айналған саяси қуғын-сүргін тарихын жан-жақты зерттеу – мемлекетіміздің алдында тұрған маңызды міндеттің бірі болды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жан-жақты зерделеу және шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығы шықты. Осы жарияланған құжатқа сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. 20 ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы ең бір қасіретті кезең. Тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бөлігіне айналды.

30-жылдары Қазақстанға басқа ұлттарды қоныс аударту кеңінен жүргізілді. Қазақстан аумағына елдің орталық аймағынан көптеп халық келе бастады. Бұл кезеңнің қоныс аудару саясатын үш бағытқа бөлуге болады: өндірістік, ауыл шаруашылық және күштеп, жазалау тәртібімен қоныс аударту. 1928-32 жылдары РКСФР-дің басқа республикаларынан Қазақстанға 100 мыңға жуық шаруашылық көшіп келді. Ашық және ресми түрде жүргізілген жоспарлық қоныс аударудан басқа 30-40 жылдары әлеуметтік, кейін ұлттық белгі бойынша күштеп қоныс аудару ісі кеңінен жүргізілді. Ұжымдастыру науқаны басталысымен арнайы қоныс аудару бұқаралық сипат алды. 1930 жылы көктемде Қазақстанға 0,5 млн «арнайы қоныс аударушылар келді».

Жекелеген халықтар мен ұлттық-этникалық топтар өкілдерін КСРО-ның ішкі аудандарына және Қазақстанға депортациялау соғысқа дейінгі жылдары басталды. 1937 жылы Қазақстанға жапон барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған корей диаспорасы қиыр Шығыстан көшіріліп қоныстандырылды. Қоныс аудару соғыс қарсаңында да жүзеге асырылды. 1939-1941 жылы Батыс Беларуссия мен Батыс Украинадан, Балтық жағалауындағы Кеңестік республикалардан поляктарды қоныс аудару (депортация) жүзеге асырылды. Санақ бойынша 1939 жылы Қазақстанда 54,7 мың поляк, 3,6 мың латыш, 808 литвалықтар және т.б. тұрған.

1941-1945 жылдардағы Сталиндік кезеңнің жекелеген ұлттар үшін жасалған өрескел зардабы – халықтар депортациясы еді. Тарихи деректерге сүйенсек, поляк, еврей, шешен-ингуш, немістерді күштеп атамекенінен көшіру жоспарлы және құпия түрде іске асырылды. Соғыс уақытында бірінші болып Еділдің неміс халқы депортация қасіретін бастан өткерді. Бүгінгі құжаттар мен жарияланымдар көрсеткендей, Еділ аймағындағы қоғамдық-саяси жағдай елдің басқа аймақтарындағы жағдайдан өзгеше болған жоқ. Алайда 1941 жылы 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының №21-60 «Еділ аймағында тұратын немістерді көшіру туралы» Жарлығы қабылданды. КСРО ХКК мен БКП(б) ОК-нің тиісті қаулылары негізінде 1941 жылғы 3 қыркүйектен 28 қазанға дейін Еділ аймағынан неміс халқы толығымен Сібір мен Қазақстан аудандарына әкелінді. Алайда неміс­терге қатысты жазалау шаралары мұнымен шектелмеді. Сол кезеңде және біраз уақыттан кейін неміс халқы майдан аймағына жақын орналасқан барлық аудандар мен аймақтардан шығарылды. Майданда және армияда жүргендер де депортацияға ұшырады.

1941 жылы 28 тамызда фашистермен байланысы бар деген айыппен 349 713 неміс, 1944 жылдың ақпанында ингуштер мен шешендер, наурызда башқұрттар, қарашада түрік месхетиндер Қазақстанға күштеп қоныс аударылушылар болды.

1941-1942 жылдар ішінде барлығы 1 209 430 неміс жер аударылды, олардың 349 700-і Қазақстанға жіберілді. Олар Батыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық облыстардың аумағында қоныстанды. Материалдық және азық-түлік ресурстарының жетіспеушілігі жағдайында бұл республикадағы жағдайды күрт шиеленістірді. Соғыстың алғашқы жылы Қазақстанда елдің батыс аудандарынан эвакуацияланған 532 506 адам орналастырылғаны белгілі, бұл арнайы қоныс аударушылармен бірге 830 746 адамды құрады. Олардың барлығы азық-түлік пен материалдық қамтамасыз етуге, ең болмағанда тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға мұқтаж болды. Депортацияланған көптеген азаматтар жұмысшылар колонналарына және еңбек армиясының құрамына енгізілді.

Жергілікті билік арнайы қоныс аударушылардың жағдайын жеңілдету үшін барлық шараларды қабылдады. 1945 жылы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесіндегі баяндамалардың бірінде ҚазССР Үкіметінің Төрағасы Н.Оңдасынов пен КП(б) ОК хатшысы Қ.Ж.Шаяхметов былай деп жазды: «неміс халқының негізгі құрамы әйелдер мен балалардан тұрады. Осыған байланысты, көптеген отбасылар, олардың құрамында еңбекке қабілетті мүшелердің болмауына байланысты, дамыған жұмыс күндеріне байланысты егіннен бастап егінге дейін азық-түлікпен қамтамасыз етпейді. Жергілікті билік неміс халқының еңбек және экономикалық құрылымын жүзеге асыру үшін барлық шараларды қолданады».

Соғыстың ортасында және соңында, оккупацияға ұшыраған кеңес аумағы азат етілгендіктен, Солтүстік Кавказ, Грузия, қалмақ және Қырым Автономиялық республикаларының бірқатар халықтары үшін қайғылы жағдайға айналған бірқатар жазалау шаралары қабылданды. Осы кезеңде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығына және КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1943 жылғы 28 қазандағы қаулысына сәйкес қалмақ ұлтының адамдарын шығыс аудандарына көшіру операциясы жүзеге асырылды. Қысқа мерзім ішінде 99 252 адам шығарылды. Оның ішінде 2268 адамнан тұратын 648 отбасы Қызылорда облысына орналастырылды.

1943 ж. 12 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Қарашай автономиялық облысын жою туралы жарлық шығарды, ал 1943 ж. 14 қазанда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің қарашай халқын көшіру туралы қаулысы қабылданды. Қысқа мерзім ішінде жалпы саны 69 260 адамнан асатын 14 774 отбасы облыстан жер аударылды. Оның ішінде Қазақстанда 45 529 адам (11 711 отбасы), Қырғызстанда – 23 300 адам (5790 отбасы), Өзбек КСР-де 353 адам (95 отбасы) орналасты.

Сол кезеңде Солтүстік Кавказдан ингуштер мен шешендерді шығару туралы шешім қабылданды. Мұнда бір жағдайға назар аудару керек: 31 жылы 1944 қаңтарда Мемлекеттік қорғаныс комитеті (ГКО) шешендер мен ингуштерді көшіру туралы қаулыны бекітті. Оларды депортациялау операциясы 1944 жылғы 23 ақпанда таңсәріде басталды, ал КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Шешен-Ингуш автономиялық республикасын тарату туралы Жарлығы 1944 жылғы 7 наурызда, осы халықтарды көшіру аяқталған күні орындалды.

1944 жылғы 22 ақпандағы жеделхатта Л.Берия И.Сталинге: «операцияны жүргізуді күшейту үшін… сіздің нұсқау­ларыңыздан кейін чекистік-әскери іс-шараларға қосымша мыналар өткізілді:

  1. Шешен-Ингуш АССР ХКК төрағасы Моллаевқа Үкіметтің шешендер мен ингуштарды көшіру туралы шешімі және осы шешімнің негізін қалаған себептер туралы баяндалды.
  2. Шешендер мен ингуштардан келген 40 республикалық партия және кеңес қызметкерлерін біз 24 ауданға бекітеміз, әр елді мекен бойынша жергілікті активтен үгіт жүргізу үшін 2-3 адамды таңдау міндеті тұр.
  3. Шешен-Ингушетиядағы ең ықпалды рухани тұлғалар Б.Арсанов, А.Г.Яндаров және А.Гайсумовпен әңгіме жүргізілді, олар молдалар және жергілікті билік арқылы көмек көрсетуге шақырылды».

Алайда Л.Берия және басқалар олармен бірге басқалар сияқты әрекет етті. Берия 1944 жылғы 1 наурыздағы И.Сталинге жазған жеделхатта: «бүгін операция кезінде пайдаланылған бұрынғы басшы қызметкерлермен және Шешен-Ингушетияның діни билік органдарымен эшелондар жіберілді» деп баяндайды. Осы фактіні растайтын бірқатар мұрағаттық құжаттар бар.

1944 ж. наурыздың ортасына қарай шешендер мен ингуштер қатарынан: Қазақстанда – 89 901отбасы (406 375 адам), Қырғызстанда 21 661отбасы (8 476 адам) орналасты.

Шешендер мен ингуштерді көшіру жөніндегі операция басталғаннан кейінгі екінші күні Л.Берия ­И.Сталинге телеграф салды: «шешендер мен ингуштердің алдағы түпкілікті шығарылуына байланысты босатылған әскерлер мен чекистердің бір бөлігін Солтүстік Кавказдан балқарларды жер аудару үшін пайдалану орынды деп санайды. Осы операцияны ағымдағы жылдың 15-20 наурызында ормандарды жапырақтармен жапқанға дейін аяқтау. Балқарлардың саны – 40 900 адам». ГКО-ның балқарларды көшіру туралы қаулысы 1944 жылғы 5 наурызда қабылданды, ал Л.Берияның аталған жеделхаты 1944 жылғы 24 ақпанда жіберілді. Депортациялау нәтижесінде Қазақстанға 25 мың адамнан тұратын 4 660 балқар отбасы, Қырғызстанға  4 178 отбасы (16 516 адам) келді.

1944 жылы мамырда Қырым татарларын депортациялау акциясы басталды. 4 күн ішінде 16-20 мамыр аралығында оларды Қырымнан, 191 044 адам алып кетті. Бұл ретте 37 235 отбасы немесе 147 170 адам Өзбек КСР-де, 4 501 адамнан тұратын 1 268 отбасы Қазақстанда орналасқан. Сонымен қатар, осы операция барысында Қазақстанға 7 мыңға жуық болгар мен грек жер аударылды. Осы ұлт өкілдерін шығару өзбек және Қырғыз республикаларына да жүзеге асырылды.

1944 ж. 31 шілдеде арнайы қаулымен түріктерді Грузиядан депортациялау басталды. Барлығы Қазақстанға жалпы саны – 27 833 адам 6 299 отбасы, Өзбекстанға 10 756 отбасы немесе 53 127 адам көшірілді. Сонымен қатар, халықтың жекелеген топтарын басқыншылардан босатылған аумақтардан көшіру жалғасты: оның ішінде неміс репатрианттары, кабардиндердің шағын тобы, күрдтер және т.б. 504 431 адам. Осылайша, депортацияланған немістер мен халықтың басқа да топтарын ескере отырып, соғыс кезінде Қазақстанға 1 млн 209 мыңнан астам адам арнайы қоныстандырылған, Өзбекстанға 180 мыңға жуық, Қырғызстанға – 120 858 адам.

Жоғарыда айтылғандай, жергілікті билік арнайы қоныс аударушылардың тағдырын жеңілдету үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Оларға шаруашылық пен мал алуға несие берілді. Әрине, арнайы қоныс аударушыларға үлкен моральдық және материалдық қолдауды республика халқы, әсіресе ауыл тұрғындары көрсетті, өйткені депортацияланғандардың басым бөлігі колхоздар мен совхоздарға орналастырылды.

Депортация тарихтың өшпес бөлігі бола тұрып, заманауи тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуының негізі болды, депортацияланған халық тәуелсіз мемлекеттеріміздің этностық құрамын қалыптастырды, қазіргі күні ел тірегі болатын патриот азаматтарына айналды, сондықтан осы мәселені тереңдете зерттеу аса маңызды болып табылады.

 А. ТҰРЛЫБЕКОВА,

т.ғ.к. қауымдастырылған

профессор

    Ж.ҚАБИДЕНОВА,

PhD философия докторы

А.МҰСАҒАЖИНОВА,

 тарих магистрі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button